Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 704 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

8 сәуір сағат 08:45-гі жағдай

Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырған тағы 7 адам тіркеліп, олардың жалпы саны 704 адамға жетті деп хабарлайды Мемлекеттік комиссия жанындағы шұғыл штаб.

Жаңа деректер Атырау (4) мен Қызылорда (3) облыстарында тіркелген. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш басында.

  • Нұр-Сұлтан – 222
  • Алматы – 119
  • Қызылорда облысы – 69
  • Қарағанды облысы – 55
  • Жамбыл облысы – 45
  • Ақмола облысы – 45
  • Атырау облысы – 36
  • Түркістан облысы – 33
  • СҚО – 25
  • Шымкент – 20
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Алматы облысы – 10
  • ШҚО – 6
  • Маңғыстау облысы – 5
  • Қостанай облысы – 3
  • БҚО – 2
  • Павлодар облысы – 1

Елімізде барлығы 51 адам ауруынан айыққан. 6 адам қайтыс болды.