Ол бұл мәселе депутаттар айналысатын мәселе емес екенін айтты
Сенаттың жалпы отырысының кулуарында спикер Мәулен Әшімбаев Әнұран авторлығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Кулуарда журналист «Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастауға қатысты ақпарат жарияланып жатыр. 2024 жылы «Авторлық құқықты қорғау туралы» заң қарастырылғанда Әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау мүмкін бе?» деген сұрақ қойды.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл сұраққа жауап берді.
«Бұл (экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастау – автор) мәселеге әріптесіміз бірнеше рет жауап берген. Бұл – қазір депутаттар айналысатын ең өзекті мәселе емес шығар. Реформаға қатысты көптеген мақсат бар... Осы қыстан дұрыс өтуіміз керек. Бұл мәселеге әріптесіміз де жауап берді ғой»,- деді Әшімбаев.