Ол елімізде 2 250 ұңғыма жабылатынын жеткізді
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден су ұңғымаларын жоюға қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Судың шектеулі ресурс екені бәрімізге белгілі. Алайда елімізде өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымалардың саны өте көп», - деді ол.
Оның айтуынша, елімізде 2 250 ұңғыма жабылады. Оның 299-ы Маңғыстау облысында, 411-і Қызылорда облысында орналасқан.
«2018 жылы Жоғары аудиторлық палата бұл мәселені көтерген еді. Дегенмен бүгінгі күнге дейін пәрменді өзгерістер әлі жоқ. Нұржан Молдиярұлы (Су ресурстары және ирригация министрі – ред.), өзіңіз басқарып отырған министрліктің осы ұңғымаларды жою жолындағы жоспарлары қандай? Билік органдары ұңғымаларды жою үшін қандай іс-шара жүргізеді? Суды ағызып қойып, қашанға дейін қарап отыра береміз?» – деп сұрады депутат Су министрі мен Маңғыстау және Қызылорда облыстары әкімдерінен.