«AMANAT» партиясында 18 әлеуметтік жоба жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев партияның жобаларына қатысты пікірін айтты

фото: ашық дереккөзден

Саяси партияның негізгі міндеті де еліміздің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі зерттей отырып, халықтың барлық құрамымен тиімді, белсенді түрде байланыс орнатып, мемлекетіміздің кез келген аймағында пайдалы жұмыстың барысын үздіксіз үйлестіре білу болса керек. Осы мақсатта бүгінгі таңда «AMANAT» партиясында 18 партиялық жоба жұмыс істейді. Бұл туралы саясаттанушы Бауыржан Серікбаев өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан дегеніміз география. 20 миллион халқымыздың 40% жуығы ауылда, 60% астамы қалада шоғырланған. Орналасқан жері, климаты мен ортасына, құрамына қарай өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары, шешілуі тиіс мәселелері мен сұрақтары да сан алуан байтақ еліміз бар. Саяси партияның негізгі міндеті де еліміздің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі зерттей отырып, халықтың барлық құрамымен тиімді, белсенді түрде байланыс орнатып, мемлекетіміздің кез келген аймағында пайдалы жұмыстың барысын үздіксіз үйлестіре білу болса керек. Осы мақсатта бүгінгі таңда «AMANAT» партиясында 18 партиялық жоба жұмыс істейді», - деп атап өтті саясаттанушы.

Бауыржан Серікбаев олардың ішінде әлеуметтік салаға бағытталған 3 игі жобагы атап өтті.

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы.

  • 2023 жылдың 1 қаңтарындағы ресми мәлімет бойынша мемлекетімізде 771 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар азаматтарымыз тұрады. Оның 420 мыңы еңбекке қабілетті жаста, 187 мыңы зейнеткерлік жаста болса, 104 мыңнан астамы балалар.
  • 2023 жылы партия ерекше қажеттілігі бар азаматтарымызбен 763 қоғамдық қабылдау өткізіп, келіп түскен 1470 арыз-шағымның 64% оң шешілген.
  • Партия ел аумағында 927 жұмыс жәрмеңкелерін өткізіп, нәтижесінде 11 946 ерекше қажеттілігі бар азаматтарымыз жұмыс орнына орналасқан.

Маңызды әлеуметтік бастаманың бірі «Бақытты отбасы» партиялық жобасы.

  • Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламенттегі партиялық фракциямен балалардың қауіпсіздігін қорғауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленді.
  • «Баланы мектепке жинайық» қайырымдылық акциясымен 27 мыңнан астам көпбалалы отбасына көмек көрсетілді. Нәтижесінде 45 мыңға жуық бала партия қолдауымен мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Тағы бір бастама «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы.

  • 2023 жылғы дерек бойынша елімізде 2 миллионнан астам зейнет жасындағы азаматтарымыз бар.
  • Бір жылда партияның қоғамдық қабылдауына 3 мыңнан астам зейнеткер құқықтық көмек сұрақтарымен келген. Өтініштердің 65% партия қолдауымен оң шешілген.
  • 2023 жылы партия еріктілері 16 мыңнан астам зейнет жасындағы қарттарымыздың үйіне тегін дәрі-дәрмек, азық-түлік көмектерін жеткізген.
  • Жеңіс күніне орай республика бойынша 9 мыңнан астам тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлеріне құттықтаулар жіберіліп, партия еріктілері тарапынан қажетті көмек көрсетілген.

«Әрине мұның бәрі атқарылған шаруаның бір бөлігі ғана. Салмақты партия нақты іспен, нақты көмекпен, нақты жобалармен халқымыздың барша бөлігімен, ядролық электоратпен жүйелі түрде жұмыс атқаруымен ерекшеленеді. Қоғамның барша бөлігімен, еліміздің барлық аймағында үздіксіз жұмыс атқаруды көздеген, игілік пен өзара көмек қолын созуға негізделген партиялық еңбектің бір көрінісі осы болса керек!», - деп жазды саясаттанушы.