Көкшетауда 1 млрд теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұған кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды

Фото: gov.kz

Көкшетау қаласының прокуратурасы 1 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қала прокуратурасы тексеру жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган нарықты тиісінше талдамай, бағаны негіздеместен және жоғарылатылған баға бойынша трансформаторлық қосалқы станцияны сатып алу үшін 1 млрд. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын бөлгенін анықтады», - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, қаражат басқа да әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталды, кінәлі адамдар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуып жатыр.