Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауы жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің бұзылуына себеп болды. Осыған байланысты Ақтөбе станциясынан жүретін №34 Ақтөбе-Алматы-1 пойызының жүрісі 16 желтоқсан күні уақытша 1 күнге тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пойыз кесте бойынша 21 сағатқа кешіктіріліп жатыр.
«Жоғарыда көрсетілген бағытқа билет сатып алған жолаушыларға 100% мөлшерде ақшалай қаражат қайтарылады. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес жолаушылар пойызы жолға шықпағаны хабарланған.