«Семей орманы» табиғи резерваты қызметкерлеріне жаңа көліктер табысталды

Автор: Azattyq Rýhy

Осыған байланысты мемлекеттен 1 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінген

Фото: astanatv.kz

Шағын өрт сөндіру кешені саналатын: жол талғамайтын 14 «УАЗ» автокөлігі орман шаруашылықтарына берілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Биыл 60 мың гектар қарағайлы алқапты шарпыған алапат өрттен кейін резерват иелігіндегі техниканың 47 пайызы әбден тозғандығы белгілі болған. Осыған байланысты мемлекеттен 1 миллиард 400 миллион теңге қаржы бөлінді. Осылайша орманшылар біртіндеп өрт сөндіруге қажет техника, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіліп жатыр.

«Осындай көлік болған. Бірақ өте аз болды. Енді 6 көлік қана болды. Қазір міне келіп жатыр. Осы жылдың аяғына дейін 10 «Камаз» келеді. Үлкен өрт сөндіру машиналары. Сондықтан техникалық базаны жаңартуға үлкен мүмкіндік туды. Кішкентай вертолет болатын «Ми-2» деген. Ал енді 2 вертолет кезекшілік атқаратын болды», - деді «Семей орманы» табиғи резерваты бас директорының орынбасары Ғани Алпысшалов.