Алматы облысында халықаралық тасжол учаскесі жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол учаскесі автокөліктің барлық түріне сағат 08.50-ден бастап жабық тұр

Ауа райының нашарлауына байланысты Алматы - Ташкент - Термез тасжолының учаскесі жабылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы мәліметінше, Жаңақұрлыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі автокөліктің барлық түріне сағат 08.50-ден бастап жабық болады.

Қазір ол жерде 0 градустан төмен және жаңбыр жауып тұр. Жолды мұз басқан.