Монополияға қарсы тергеп-тексерулердің қорытындылары жарияланды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс Таксиге қатысты монополияға қарсы тергеулерді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сондай-ақ Яндекс Такси монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 млрд теңге аударды», - делінген агенттік хабарламасында.
Сондай-ақ Агенттік пен Яндекс Такси монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген:
Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты қолдау үшін Call-орталықта «кәдімгі» оператор жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін келесі жүйелі шаралар қабылданды:
Яндекс міндеттемелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында болады. Оның құрамына кәсіби қоғамдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет, цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді. Бұл туындайтын сын-қатерлерді уақтылы қарауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар болашақта бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған кезде Агенттік заңнамада белгіленген тиісті шараларды қолданатын болады.