Жамбыл облысында теміржол қозғалысы қайта жанданды – ҚТЖ

Автор: Azattyq Rýhy

Пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу қойылды

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Жамбыл облысындағы қиын учаске бойынша теміржол қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығы мен нөлдік көріну жағдайында Жамбыл өңірінің теміржолшылары жол бойын тәулік бойы қардан тазарту жұмысын жүргзіп жатыр. 13-15 желтоқсан аралығында 11 мың текше метрден астам қар жиналды. Жолдарды тазарту үшін арнайы техника жұмылдырылған.

«Қазіргі уақытта жолаушылар пойыздарының қозғалысы қиын учаскеде қайта жанданды. Өңір теміржол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пойыздардың жүру жылдамдығына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін пойыздар қозғалысының кешігуі мен кестесінің өзгергені туралы хабарлайды.

Жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телеграмм чат-боты арқылы алуға болады

ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар қызметтердің қатысуымен жедел штаб жұмыс істейді.