Бұл Жамбыл облысында енгізілген төтенше жағдайға байланысты болып отыр
Бүгін Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарының аумағында қатты жел мен аяздың салдарынан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана уақыты бойынша таңғы сағат 5-тегі жағдайға сәйкес ауа райы жағдайлары жақсарғанға дейін жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесінің өзгеруі және кешігуі туралы хабарлайды.
Қазіргі уақытта станцияға келу уақытына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі сақталуда:
Сондай-ақ №51/52 Алматы 2-Орал және №41/42 Алматы 2-Атырау бағыты бойынша жолға шығатын пойыздардың кестесі өзгертілді.
«Тальго №41/42 Алматы 2-Атырау және кері бағытта пойыз билеттерін сатып алған жолаушылар №511/512 Алматы 2-Атырау стандартты пойызымен, ал №51/52 Алматы 2-Орал бағыты бойынша және кері бағытта Тальго пойызына Билеттерді сатып алған жолаушылар №509/510 Алматы 2 - Орал стандартты пойызымен жүреді», - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Жолаушылар пойыздарының қозғалысында ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындықтар бар. Теміржолдарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚТЖ-да ТЖ жағдайында пойыздар қозғалысын үйлестіру бойынша барлық қатысы бар бөлімдердің қатысуымен жедел штаб құрылды