Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегі 2023 жылы бекітілген деңгейде қалды
Келер жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі ұлғайған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Әдістемеге сәйкес жеткіліктілік шегін есептеу кезінде ең төменгі жалақы мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Сонымен қатар, зейнетақы активтерінің кірістілігінің жылдық пайыздық мөлшерлемесі, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі, міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жасы және басқалары ескеріледі», ˗ делінген хабарламада.
Сондай-ақ, белгілі болғандай ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау кірістің жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе қаражатты басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беруге зейнетақы артық қаражатын пайдалануға мүмкіндік берілді.
Ең төменгі жеткіліктілік шегі ˗ ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері.
«Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшы зейнетақы жасына жеткен кезде ең төменгі базалық төлемді ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш», - деп түсіндірді БЖЗҚ.
Әдістемеге сәйкес, 2024 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:
Авторы: Еркежан Айтқазы