Қостанай облысында ғимаратта жарылыс болып, 7 адам үйінді астында қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жарылыс бір қабатты ғимаратта болған

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:36-да болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Наша газета» жазғандай, оқыс оқиға бүгін сағат 12:36 шамасында Энергетиктер, 1 (бұрынғы  Красный партизан) мекенжайында болған.

ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылысынан бір қабатты ғимарат қираған. Соның салдарынан 7 адам үйінді астында қалған. 

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі де жарылыс болған жерге келді. Жедел штаб құрылды.