Абай облысында туыстары іздеген ер кісіні бейтаныс адамдар қара жұмысқа салған

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам үш апта бойы бөгде адамның шаруа қожалығында жұмыс істеген

Фото: 7-su.kz

Абай облысында полицияға жергілікті тұрғын 1973 жылы туған, психикалық ауытқулары бар ағасының хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақпаратты тексеру барысында екі ер адам анықталып, ұсталды, олар алдау және байланыс құралдарын алу арқылы оны (іздеуде болған азаматты – авт.) Семей қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығына алып кетті», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ер адам үш апта бойы үй шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр етілгені анықталды.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша ЕҚДБ-да тіркелген.