Жыл басынан бері 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 961 кәсіпорны 25 мың жұмыскерге 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, ол кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 261 нұсқама беріліп, 174,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
«Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді», - делінген хабарламада.