Тиісті заң жобасын Мәжіліс қабылдап, Сенаттың қарауына жолдады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіруді көздейтін заңнамаға түзетулер топтамасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тиісті заң жобасын Мәжіліс қабылдады және ҚР Парламенті Сенатының қарауына жолданды.
Заңнамаға енгізілген түзетулерде төмендігілер көзделген:
«Қазіргі уақытта регрессиялық төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде жұмыскердің кінәсі де анықталады. Егер жұмыскердің кінәсі, мысалы 50 % мөлшерінде анықталса, онда оған тиісінше төлемнің тек 50 % ғана беріледі. Жаңа түзетулер оған өзгеріс енгізеді. Тиісінше, жұмыскерге еңбек жарақатын алған кезде өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу толық көлемде жүзеге асырылады», - делінген ведомство хабарламасында.
Бұдан басқа, заңнамаға енгізілген түзетулерде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 2015 жылғы 10 мамырға дейін алғаш рет 30-дан 100 %-ға дейінгі мөлшерде белгіленген және 2015 жылғы 10 мамырдан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде куәландыру мерзімінсіз ұзартылған немесе қайта куәландырылған адамдарға сақтандыру ұйымдарының қаражаты есебінен сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру көзделген. Мұндай алушылардың саны шамамен 1,4 мың адамды құрайды.