Қоғамдық қабылдаудан 4023 адам өткен
Осы жылдың 10 айында партияның қоғамдық қабылдауларына 73,7 мың адам жүгінді. Қарау нәтижелері бойынша мәселелердің 55%-ы оң шешімін тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгінгі таңда қоғамдық қабылдау бөлмелері 1 618 қабылдау өткізіп, 4 023 адамды қабылдады. Оның ішінде 562-сіне толық заңгерлік сүйемелдеу ұсынылды, 485 азаматқа құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетілді, 272 азаматқа медиативтік келісімдерді жасауға көмек көрсетілді және 2 704 азаматқа ауызша кеңес берілді.
Қоғамдық қабылдаулар арқылы оң шешімін тапқан кейстермен бөлісуді жөн көрдік.
Партия хатшысы Ержан Жылқыбаевтың қабылдауы аясында Атырау қаласында азаматтың сұрақтары оң шешілді. Жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерін орнату бойынша - 3 қараша күні Атырау қалалық полиция басқармасы Техникалық бақылау қызметінің қызметкерлері және арыз иесімен Жеңіс, Қазанқап (Ильяс Есенберлин), көшелерінің бойына жаяу жүргінші белгілері орнатылатын орындар анықталды және полиция өз тарапынан «Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі бөліміне жол белгілерін орнату жөнінде осы аптада тиісті нұсқаулық беретін болды. Қобыланды батыр көшесіне жарық шамдарын орнату бойынша Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімімен сөйлесіліп, жұмыстар басталды.
Мердігер мекеме жарық шамдарын орнату орындарын белгіледі. Жұмыстарды қараша айында бастап, желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жеңіс, Қазанқап ( Ильяс Есенберлин) көшелерінің бойына жаяу жүргінші жолын салу бойынша Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне тапсырма берілді. 2024 жылдың жоспарына енгізіледі.
Ай сайын қымбат тұратын «Транклир» медициналық препаратын сатып алуға қаржылық мүмкіндігі жоқ, балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған Р.Шаймарданова, Алматы қаласының тұрғыны, партиялықтардың көмегіне жүгінуге шешім қабылдады. «Идиопатиялық өкпе гипертензиясы, бронх демікпесі» диагнозы қойылған 2007 жылы туған қызын емдеу үшін бұл препаратты ай сайын қолдану қажет болып шықты.
Мәселені ресми реттеу қажеттілігін түсіне отырып, Алматы «аманатшылары» Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, «Транклир» дәрілік затын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізу үшін Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі шешіміне толықтыру енгізуге бастамашы болды. Барлық ұйымдастырушылық және заңдық рәсімдерден кейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мұқтаж баланы осы дәрі-дәрмекпен одан әрі қамтамасыз етуге ықпал еткенін растады.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ