Қазақстандықтарды алдаған ресейлік алаяқ бас бостандығынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен, банк терминалдарынан бейнежазбалармен, алынған ұялы телефонмен дәлелденген

фотф: ашық дереккөзден

24 жастағы Ресей азаматы әлеуметтік желіде Қазақстанда ақша табу мүмкіндігі туралы хабарландыру бойынша тергеумен анықталмаған адамдармен хат алмасып, бөтеннің мүлкін ұрлауға негізделген заңсыз табысқа келіскен. Алайда құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық деректерді анықтап, күдіктіні қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық жоспарға сәйкес, белгісіз адамдар жәбірленушінің телефонына қоңырау шалып, өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, оның банктік шоттары мен қауіпсіздік кодтарын алған, ал сотталушы ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған.

«Белгісіз адамдардың нұсқауы бойынша сотталушы «Х.» Қазақстанға келіп, әр түрлі қалаларда болып, Көкшетау қаласы тұрғынының банктік карталарынан 12 млн теңгеден астам ақшаны басқа адамдардың деректемелеріне аударған және де ол үшін сыйақы алған (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы «қастандық жолмен адамдар тобындағы ірі мөлшерде алаяқтық»)», - делінген хабарламада.

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен, банктік үзінділермен, банк терминалдарынан бейнежазбалармен, алынған ұялы телефонмен дәлелденген.

«Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жәбірленуші азаматтық талап мәлімдемеген. Сот үкімімен «Х.»-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.