«Өскеменнен екі бөлмелі пәтер беріледі»: Ұранхаев Аягөзде болған қайғылы оқиға жайлы

Автор: Аманалина Тоғжан

4 баласы қайтыс болған отбасы Өскемен қаласында тіркеуде тұр

Фото: freepik.com

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аягөзде қаза тапқан 4 баланың ата-анасына көрсетілген көмек туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Аудан әкімі – менің бірінші орынбасарым отбасының қасында болып, толық көмек көрсетті. Қазір оларға уақытша толық техникамен жабдықталған екі бөлмелі пәтер берілді. Желтоқсанда отбасы сұрап отырған Өскемен қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Себебі олар тіркеуде Өскеменде тұр. Көмек көрсетілді және көрсетіле береді», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Еске салсақ, 2023 жылғы 25 қазанда Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінен өрт шығып, төрт баланың денесі табылды.Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метрде жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ