Абай облысында әлеуметтік мәселелер шешімін тауып жатыр – облыс әкімі

Автор: Аманалина Тоғжан

Өңірде 4 651 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған

Фото: ortcom.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі әлеуметтік мәселелер жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін экономиканың түрлі салаларында жаңа жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылданып отыр. Өңірдегі жұмыссыздар саны 2023 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі – 4,7% құрады. Халықтың табысын 2030 жылға дейін арттырудың өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама ұлттық жобалармен өзара байланысты және 3 негізгі бағыт бойынша айқындалады: «Өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде экономиканың нақты секторында жұмыс орындарын құру», «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл халқының табысын арттыру», «Әлеуметтік құралдар және мемлекеттік қолдау шаралары». Жыл басынан бері 1,9 млрд теңге сомасына 4 651 отбасы (23 177 адам) атаулы әлеуметтік көмек алды, оның ішінде 1 847 көп балалы отбасы (12 022 адам) (39,7%)», - деді Ұранхаев.

Облыс әкімі атағандай, кәсіпкерлік бастамалар үшін жастарды 2,5%-бен шағын несиелендіру бойынша жұмыс басталды.

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге 100 млн теңге (3-5 млн теңгеден 22 грант)  қаржыландырылды. Биыл 10 айда 15,5 млрд теңгеге 299 жоба субсидияланды және 8,4 млрд теңгеге 212 жоба бойынша кепілдіктер берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселелерін шешу үшін бюджеттен жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін 50% өтемақы төлеуге 865 млн теңге бөлінді. Семей қаласында 150 орындық мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту орталығы ашылды. Орталықтың құрылысы аймақ тұрғындары үшін ерекше маңызды. Облыста 24 481 жуық мүгедектігі бар адам тұрады, оның 2 905 балалар. Оңалту іс-шараларын ұлғайту және одан әрі бейімдеу, өмір сүру сапасын жақсарту үшін Семей және Аягөз қалаларында 150 орындық екі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын салу жоспарлануда (бір жобаның құны – 8 млрд теңге). Жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдау үшін Семей қаласында 25 орынға арналған дағдарыс орталығы ашылды», - деді ол.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ