«Ешқандай феномен жоқ» – Біртанов Қостанай облысы туралы

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде әлі бірде-бір дерек тіркелмеді

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қостанай облысында коронавирус дерегі әлі күнге дейін тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy  тілшісі.

Министрдің айтуынша, Қостанайда әлі күнге дейін бірде-бір деректің тіркелмеуі таңғаларлық жәйт емес. Біртанов басты себеп – карантин режімінің дұрыс сақталуы мен медицина қызметкерлерінің кәсібилігі болып тұрғанын алға тартты.

«Наурыз айының басында Қазақстанда коронавирустың болмау феноменін түсіндіріңізші» деген сұрақтар болған еді. «Сіздер бір нәрсе жасырып отырған боларсыздар» деген сынды сұрақтар болды. Ешқандай феномен жоқ, инфекцияның таралу механизмі адамдардың басқа жерге ауысуы мен карантин режімінің тиімілігіне байланысты. Мен аталған факторлар мен Қостанай облысы медицина қызметкерлерінің күшейтілген жұмысы бізге жақсы нәтиже беріп отыр. Мен оларға ары қарай да сәттілік тілеймін. Егер вирус жұқтырғандар пайда бола қалса, қостанайлық дәрігерлер барлығына толықтай дайын», - деді ол.

Айта кетейік, 3 сәуір сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi: Алматы қаласында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам. Осылайша, Қазақстанда қауіпті індет жұқтырғандар 453 адамға жетті.

•            Нұр-Сұлтан қаласы – 199;

•            Алматы қаласы – 93;

•            Шымкент қаласы – 11;

•            Ақмола облысы – 19;

•            Ақтөбе облысы – 7;

•            Алматы облысы – 9;

•            Атырау облысы – 20;

•            Шығыс Қазақстан облысы – 3;

•            Жамбыл облысы – 6;

•            Батыс Қазақстан облысы – 2;

•            Қарағанды облысы – 22;

•            Қызылорда облысы – 26;

•            Маңғыстау облысы – 1;

•            Павлодар облысы – 1;

•            Солтүстік Қазақстан облысы – 18;

•            Түркістан облысы – 16.

Өкінішке қарай, қауіпті вирустан елімізде 3 адам көз жұмды. Ал айыққандар саны – 29 адам.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан