$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2023, 12:34
Қоғам

Шымкентте 324 азамат арендалық пәтермен қамтылды

Жыл басынан бері 1 249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген

Шымкентте 324 азамат арендалық пәтермен қамтылды

Шымкент қаласы бойынша халықты баспанамен қамтуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның айтуынша, биыл мемлекеттік бағдарлама аясында бірқатар тұрғындар баспанаға қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын, көп балалы отбасыларды және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін арендалық пәтермен қамту жоспарланған еді.

«Қазіргі уақытта түрлі санаттағы  324 азамат арендалық тұрғын үйге қол жеткізді. Бұдан бөлек, тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға қосымша 505 арендалық пәтерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Оның 151-і балаларға, 135-і көпбалалы отбасыларға, 219-ы әлсіз топтарға арналған», - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Жыл басынан бері 1 249 азамат ипотекалық негізде тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, «5-20-25» бағдарламасымен 701 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты бойынша 486 пәтер, «Шаңырақ» бойынша 62 пәтер берілді.

«2023 жылдың соңына дейін жаңа тұжырымдаға сәйкес,  «5-10-20» бағдарламасы бойынша 540 пәтерлі 10 тұрғын үй, «2-10-20» бағдарламасы бойынша 324 пәтерлі 6 тұрғын үймен ипотекалық бағытта азаматтар  қамтылады», - делінген хабарламада.

Жалпы 2023 жылға 200 млн теңге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын тапсыру жоспарланып, төлем қабілеттілігін растаған 201 азаматқа 178,8 млн теңге берілді. Өтінім қабылдау жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары