Қазір бұл мәселемен полиция айналысып жатыр
Ақтөбеде №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан шу шықты. 58 жастағы науқас қатты жарақат алған. Ал туыстары оның бет аузын көк ала торғай етіп сабаған деп отыр. Науқас жарақат алғаннан бір жеті бойы ешқандай емдік көмек алмапты. Тек жақындары келіп, жағдайды білгеннен кейін ғана оған көңіл бөліп, ауруханаға жатқызған. Енді ол сол көзінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.
Жеңіс Қамиевтің жақындары әдеттегідей демалыс күні ағасына барған. Сол кезде медбике «ағаңыз кеше құлап қалып жарақат алды» деп ескертіпті. Бетінде сау жер жоқ.
«Сосын ағам келіп тұр. Беті ісік-ісік, көзі көрінбейді. Көзі жабылып қалған вообще. Қалай құлап қалады. Бұл құлаған емес. Жас болған соң білеміз ғой. Кім қалай құлайды. Удар алғанда қалай болатынын. Көрініп тұр удар алғаны», - деді жәбірленушінің інісі Қасымжан Бұрханов.
Жарақат алған Жеңіс Қамиевтың орталықта жатқанына он төрт жыл болған. Ол- психоневрологиялық диагнозы бар науқас. Дұрыс сөйлей алмайды. Бір қызығы, науқас құлап жарақат алғаннын өзінде бұл жағдай туыстарына хабарланбаған. Құлап қалғанын көрген медбике алғашқы көмек көрсеткен де қойған.
«Біз айқай-шу көтергеннен кейін бұлар Дару клиникаға жіберді ағамды. Олар қарап айтты. Осылай осылай осложнение болып жатыр. Көзді удалять етеді деп. Асқынып кеткен. Уақытында қарамаған ғой», - деді Қасымжан Бұрханов.
Туыстары басшылықты шақырып, айқай шу көтергеннен кейін ғана науқас дереу жеке ауруханаға жатқызылған. Директордың айтуынша, ол 8-қараша күні дәретханада құлап қалып, жарақат алған. Тіпті оның өзі болған жағдайды 4 күннен соң естіген көрінеді.
«Тумалары санитарлар нелер ұрған шығар дейді. Ондай факті бізде кездесіп көрген жоқ. Коридорлардың барлығында камера бар. Әрине дәретханаға қоя алмаймыз. Басқа жерлерде камера бар», - деді №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Гүлнар Нұртазина.
Қазір бұл мәселемен полиция айналысып жатыр. Орталық басшылығы медбикеге қатаң сөгіс жариялаған.