Депутат азаматтардың төлем қабілеті жайлы айтты
«AMANAT» Фракциясы мүшесі, депутат Ерлан Саиров Мәжілістегі өз сауалында халықтың әл-ауқаты төмендеп, төлем қабілеті азайып бара жатқандығына қарамастан, Үкімет коммуналдық сфераның тарифтерін өсіргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Азаматтардың төлем қабілетінің төмендігіне байланысты, азаматтар жылына коммуналдық төлемдерге 15 млрд теңге қарыз болып қалады. Үкімет «Тарифке инвестиция айырбас» принципін іс-жүзіне асырғанда, халықтың қалтасының жұтаңдығы ескерілуі тиіс. Тұрғын үй көмегі квартал сайын төленеді, әр кварталға орташа есеппен 20 мың теңгеден болады. Оның өзін нағыз мұқтаж адамдар ала алмайды.Өйткені бұл өтемді алу үшін өзіңнің меншік үйің немесе мемлекеттен жалға алынған үйің болуы тиіс. Ондаған құжат толтыру керек. Ең бастысы, үй-күйі жоқ, квартира жалдап жүрген, біреудің ауласын жағалап жүрген, ондаған мың нағыз мұқтаж азаматтар мемлекеттің көмегінің жұрнағын да көрмейді», - деді ол.
Саиров атағандай, олар мүлдем мемлекеттің есебінде жоқ.
«Тарифтердің өсуінен қиналатын, өтемақыға ең зәру осы кісілер. Клебанов тәрізділердің бизнесі жүрмей қалды деп, «сіңір кедейлерді» қанай беру күпіршілік болады. «AMANAT» фракциясы әлеуметтік әділеттілік принципі мемлекеттің басты миссиясы деп санайды», - деді ол.
Ерлан Саиров Үкімет «Тарифке инвестиция айырбас» реформасы кезінде келесі мәселеге назар аударуы қажет деп санайды. Олар: