Мәжіліс бірнеше заң жобасын жұмысқа алды
Мәжіліс депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев заң жобасы жайлы айтты.
«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламент депутаттары заң шығару бастамасы тәртібімен әзірледі.
Заң жобасында көзделген өзгерістер спорттық жылқы шаруашылығына мемлекеттік қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және оның еліміздегі популяциясын өсу үшін жағдай жасауға, ұлттық ат спорты түрлерін дамытуды, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрі мен өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді», - деді Егізбаев.
Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.
Сонымен қатар Мәжіліс депутат Асхат Аймағамбетов мақсатын оқып берген «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды.