Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бір жылда 5 пайызға қымбаттаған

Автор: Azattyq Rýhy

Сарапшылардың пікірінше, бұған әдеттегідей тапшылық себеп

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік соңғы бір жылда 5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, әсіресе, қырыққабат, күріш, сәбіз, сүт және ұн өнімдерінің бағасы айтарлықтай көтерілген. Сарапшылардың пікірінше, бұған әдеттегідей тапшылық себеп.

Десе де, Үкімет тұрақтандыру қорларында азық-түлік жеткілікті екенін айтады. Әрі әлеуметтік тауарларға шекті баға белгіленіп, құнды негізсіз шарықтататындармен күрес жүріп жатыр.негізсіз шарықтататындармен күрес жүріп жатыр.