Атыраудың экс-әкімі қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол уақытша ұстау изоляторында отыр

Атырау облысының прокуратурасы алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Атырау қаласының экс-әкімі Қайрат Оразбаев  ұсталды.Тергеу жалғасуда.