Ол әншімен жеке әңгімелескенін жеткізді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Әли Оқаповтың «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біздің елде әрбір азаматтың еңбегі бағаланады. Елімізде өзге салада еңбек ететін еңбек адамдарына да берілді. Бірақ олардың алғаны назардан тыс қалды. Бұл - жақсы тенденция емес. Әли Оқапов әлеуметтік желідегі хейттен кейін мемлекеттік награданы қайтарып беремін деп эмоцияға берілді. Қазір бізде барлық мәселе бойынша сарапшылар көбейіп кетті. Әрине, мен Әли Оқаповпен әңгімелестім. Қазір ол сабырға келіп, басылды. Қазір мұндай сұрақ тұр деп ойламаймын», - деді Аида Балаева.
Балаева Әли Оқаповтың видеоүндеуінен соң онымен министр ретінде сөйлескенін айтты.
«Ол шығармашылық адам ретінде эмоционалды тұрғыда айтқан. Шынымен де, оны жан-жақтан барлығы талағаннан кейін ауыр тигенін айтты. «Менің еңбегім емес, анаммен бағалап жатқанына шыдамадым» деді. Қазір ондай мәселе жоқ, барлығы дұрыс. Орден өзінде қалады», - деді Балаева.
Еске салсақ, Республика күніне орай әнші Әли Оқаповқа «Құрмет» ордені табысталған еді. Көпшілік оның бұл орденге лайықты емес екенін айтып, хейт айтты. Одан кейін Әли Оқапов мемлекетік награданы қайтарып беретінін айтқан еді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ