Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде флешмоб видеолары тарап жатыр
Карантинде уақытын үйде өткізіп жатқан елорда тұрғындары 2 сәуір күні кешкі сағат 22:00-де бір мезетте әнұран айтып, артынша ән салып флешмоб өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Музыкалық флешмобты елордадағы ондаған көпқабатты үйдің жүзден астам тұрғындары қолдаған.
«Құрметті тұрғындар. Бүгін сағат 22:00-де Нұр-Сұлтан қаласында флешмоб өтеді. Қала тұрғындарын терезе алдында тұрып әнұран орындауды сұраймыз. Бұл осы қиын-қыстау сәтте бір-бірімізге қолдау болады деп ойлаймыз», - деп жазылған мессенджерлерде тарап жатқан хабарламада.