Науқастардың барлығы – қалада инфекция жұқтырған үшінші адамның туыстары
Бүгін Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Аталған науқастардың барлығы 1 сәуірде вирус жұқтырды деп тіркелген (Шымкент бойынша үшінші науқас – ред.) азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары болып шықты.
Індет жұқтырғандар Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланып, ем қабылдауды бастады. Аталған азаматтармен байланыста болғандар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырған тағы 21 адам тіркелді, оның 8-і Шымкент қаласынан анықталды. Осылайша, Шымкентте қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 11 адамға жетті.