Оларға 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлгінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 915 кәсіпорны 24 мың жұмыскерге 6,2 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
«Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 218 нұсқама беріліп, 169,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 21 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,3 млрд теңге төленді.