Білім саласын дамытуға бағытталған қаржы 1 трлн теңгеге жетеді – вице-министр

Автор: Azattyq Rýhy

Осы бағыттағы бюджет қаржысы 2024 жылы 287 млрд теңгеге артады

Сенаттағы комитет отырысында Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы республикалық бюджет заң жобасы жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«Білім беру саласын дамытуға шығыстар 2023 жылға қарағанда 287 млрд теңгеге өсіп, 1 трлн теңге болады. Оның ішінде балабақша педагогтарының еңбекақысын 30 пайызға көтеруге 96 млрд теңге. Жатақханалардағы орындар санын 6800 төсек-орынға, сондай-ақ колледж студенттеріне стипендия мөлшерін ұлғайтуға 52,2 млрд теңге, мектептердегі орын тапшылығын оқушы орындарын тапшылығын азайту мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына 647 млрд теңге көзделген. Жалпы еліміздің шетелдік жоғары білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін шетелдік жоғары оқу орындарының филлиалдарында оқуға жыл сайын 1700 студентті қабылдау көзделген. Сәйкесінше, қаражатта қаралған», - деді Абзал Бейсенбекұлы.

Оның айтуынша, жалпы кадрларды даярлау бойынша биылға қарғанда 2024 жылы 5 мыңға артық грант беру жоспарланған.

«180 мың студент жоғарылатылған стипендия алады. 15 мыңға жуық студентті жатақханада орынмен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы 6 млрд теңге көзделеді.4 мың жетім бала мен мүмкіндігі шектеулі адамға жатақханаларда тұрғаны үшін өтемақы төлеу қарастырылған. Бұл есепті кезеңде 1,2 млрд теңге болады. Ғылымды қаржыландыру көлемі ағымдағы жылдың деңгейінен 40%-ға дейін артып, 217 млрд теңге болады. Бұл 616 жетекші ғалымның еңбекақысын ұлғайтуға, іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми зерттеу институтын қаржыландыруға мүмкіндік береді.Бұдан басқа аталған қаражат бағдарламалық-нысаналы гранттық ғылыми жобаларға, сондай-ақ ғылыми нәтижелердің жобаларын комиссиаландыруға бағытталады», - деді ол.