Алматы полицейлері көшеде төбелес шығарған бұрымдыларға іздеу салды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы қаласының тұрғыны көшедегі төбелес кезінде зардап шекті

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода қыздар өзара ұрсысып, айғай-құйқайға басады. Біраздан соң оның арты төбелеске ұласады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғыны көшедегі төбелес кезінде зардап шекті. Оған мұрынның жабық сынығы, қатты ісіну, сүйектің шығуы деген диагноз қойылған. Қыз полицияға арызданды. Төбелескен қыздарға полиция іздеу салды. 

«Оқиғаға қатысушылар тарапынан түскен дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қатысты тиісті шешім қабылданатын болады», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.