Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертке қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

Концертке дейін Президент ел азаматтарына мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік шара «Астана Опера» театрында өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.



Концертте Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Үлкенбаева, Димаш Құдайберген және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ хореографиялық топтар мен симфониялық оркестр өнер көрсетті.