Түркия президенті Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы құжатқа қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Швеция мен Финляндия өткен жылдың мамыр айында НАТО-ға қосылуға өтініш берген болатын

Фото: Ашық дереккөзден

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдайтын құжатқа қол қойды. Бұл туралы Түркия басшысының әкімшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy rosbalt.ru порталына сілтеме жасап.

«2023 жылдың 23 қазанында Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаға президент Режеп Тайип Ердоған қол қойып, құжат Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының қарауына жіберілді», - делінген президент әкімшілігінің байланыстар жөніндегі басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Швеция мен Финляндия өткен жылдың мамыр айында НАТО-ға қосылуға өтініш берді. Финляндия сәуір айында альянсқа кірді, ал Швецияның енуін Түркия ұзақ уақыт бойы бөгеді. Қазіргі уақытқа дейін Түркия мен Венгриядан басқа НАТО-ның барлық қатысушылары Швецияның кіруін ратификациялаған.

Анкара Швециядан Күрдістанның жұмысшы партиясының жақтастарын беруді және 2019 жылы енгізілген Түркияға қару экспорттауға салынған тыйымды жоюды талап етті. Сонымен қатар, Швециядағы белсенділер жүргізген Құран өртеу акциялары Түркияның наразылығын тудырған еді.