Үкімет халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету және «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту бойынша нақты шараларды қабылдауда
Жеке тұлғалард банкрот деп тану бойынша осы жылдың 3 наурызынан бастап 68 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл туралы Парламенттік тыңдауда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Келіп түскен өтініштердің 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу.
«Нәтижесінде, бүгінгі таңда 8 млрд теңгеден астам борыш сомасына 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды. Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1 200-ге жуық азамат жүгініп, 35-тен астам банкроттыққа қатысты шешім шығарылды», - деді Ерұлан Жамаубаев.
Дегенмен, жекелеген борышкерлер кейбір кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін қолдана алмай отыр.
Осыған байланысты бірқатар нормалар ұсынылды:
Жалпы, Үкімет халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету және «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту бойынша нақты шараларды қабылдауда.