Жамбыл облысында жыл басынан бері 15 адам өрттен көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің дені жеке тұрғын үй секторларында тіркелген

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында жыл басынан бері 15 адам өрттен көз жұмды.  Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Өрттің дені жеке тұрғын үй секторларында тіркелген. Сол себепті тұрғындарға жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Құтқарушылар полицейлер және волонтерлермен бірлесіп осы күнге дейін 450 мыңға жуық ауланы аралап шықты. Қауіптің алдын алуға бағытталған мұндай профилактикалық жұмыстар жалғаса береді.

 «Қаза болғандардың он бірі тұрғын үй секторында орын алған. Олардың барлығы алкагольді пайдалану кезінде және төсекте темекі тарту салдарынан өрт кезінде қаза болып отыр. Қазіргі жылыту маусымы басталғалы облыстағы жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес 5219 тұрғын үй есепке алынды оспл топтағы. Бұл тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарының бірінші кезеңі басталды», - дейді ТЖД басқарма бастығы Мақсат Әкімбаев.