17.10.2023, 13:57
Қоғам
Барлық өңірде Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтары ашылады
Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты
Фото: freepik
Барлық өңірде Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтары ашылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді мұндай проблемалармен бетпе-бет қалдыруға болмайды.
Осыған байланысты Премьер-министр Әлихан Смайылов мына мәселелерді атап өтті:
- Бірінші. Оқу-ағарту министрлігі 2025-ші жылға дейін әр облыста Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс.
- Екінші. Өңір әкімдіктері Мәдениет, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге жаңа Отбасын қолдау орталықтарын, сондай-ақ наркологиялық мекемелерді ашуды қамтамасыз етуі қажет.
- Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін пысықтауы керек.
- Төртінші. Ішкі істер, Мәдениет министрліктері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты қабылданған түзетулер бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
- Бесінші. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады