Антикор бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алды
Петропавл қалалық әкімдігі 200 мың теңгенің кілемін 8 млн теңгеге алмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Атқарушы орган мемлекеттік сатып алулар сайтында 22 шаршы метр кілем сатып алуға байқау жариялаған.
«Шаршы метріне 35 мың теңгеден ақша жоспарланған болатын. Нарықтағы баға 35 теңгеден төмен екенін көрсете отырып, Петропавл қаласының әкімдігінің аппаратына ұсыныс жасадық. Ол баға тым жоғары екенін айттық. Жұмыстың арқасында 7,8 млн теңге қаражат үнемделді», - дейді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.
Ал әкімдік өкілдері кілемнің нарықтағы бағасын білмейтінін айтып ақталған.