Бортта 166 жолаушы
Тель-Авив (Израиль) әуежайынан ұшып шыққан қазақстандықтар мінген Air Astana рейсі Алматыға жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 16:45-те Тель-Авивтен (Израиль) Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты.
Бортта 166 жолаушы бар, оның 124-і - Қазақстанның, ал 42-і - шетел азаматы.