Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: Polisia.kz

Зайсан ауданының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында аудан ауылдары бірінің 67 жастағы тұрғынын анықтады, одан 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8М мылтығы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ("Атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қарудың табылуына қатысты мән-жай анықталып жатыр, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.