Елде 18 бен 27 жас аралағындағы 19 мың жас әскерге шақыртылмақ
Астана қаласының коммуникациялар қызметінде 2023 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру туралы Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің бастығы Айдын Сағынбеков айтып берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Биылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 120 Жарлығына сәйкес азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды.
2023 жылғы 28 желтоқсанға дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы он тоғыз мыңнан астам ер азамат толықтырады. Ал солардың ішінде 1 000 адамнан астамы Астана қаласынан шақырылады.
«Өткен жылғы әскерге шақырумен салыстырғанда биыл Қарулы Күштерге және Мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақырылатын жас буынның саны ұлғайтылды. Мерзімді қызметке әскерге шақыру және оның белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару қолданыстағы заңға сәйкес ұйымдастырылып, жүргізілетін болады»,- дейді Айдын Сағынбеков.
Әскерге шақырылуға тиісті ер азаматтарды хабардар ету дербес шақырту қағазын жолдау арқылы жүзеге асырылады. Шақырту қағазы тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орындарына жеткізілетін болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қорғаныс ведомствосы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жүргізуде. Бүгінгі таңда мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылды.
Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің 70 аса мекемелері Қорғаныс министрлігімен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарға білім беру секторында қосымша жеңілдіктерді ұсыну жөнінде келісімге қол қойылды. Бүгінгі таңда әскерде қызмет өткерген 180 аса қазақстандықтар ақысыз негізде, 400 аса ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсті.
Қорғаныс ведомствосы тұрақты негізде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында, олардың келісімшарт бойынша әскери қызметке түсулері бойынша кәсіби үгіт-насихаттық жұмысты жүргізеді.