Осыған дейін егіз қыздарды өгей әкесі зорлағаны белгілі болған
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматы облысында өгей нағашы атасы қорлаған 3 жасар егіз бен Алматы қаласында зорланған 7 жасар оқушының жағдайы туралы айтты. Еліміздің бас дәрігері балалардың жағдайы бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Балалардың жағдайы – орташа ауыр. Медицина қызметкерлері балаларды қабылдаған кезде ересек балалардың зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтады. Балалар толық тексеріліп, құқық қорғау органдарына уақытында хабар берілді. Олардың жарақатына байланысты балаларға операция жасалды», - деді Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен баспасөз брифингінде.
Алайда министр қай балаға қандай операция жасалғанын айтпады.
«Бұл пациенттердің жеке мәліметі екенін ескеріп, қандай операция жасалғанын айта алмаймын. Олардың дене мүшесінде жарақат болғандықтан дәрігерлер тиісті операцияларды жүргізді», - деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысы Бақанас ауылында 3 жасар егіз қызды өгей нағашы атасы зорлағаны хабарланған еді. Сондай-ақ Алматыдағы мектепте 7 жасар оқушының зорланғаны белгілі болған.