Ол бірқатар ұсыныс айтты
«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Ерлан Саиров «Самұрық-Қазына» қорының өз қызметкерлеріне асыра сілтеп сыйақы жазатынын айтып, сауал жолдады, деп хабарлады Azattyq Ruhy тілшісі.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлері халықтың емес, өздерінің әл-ауқатын арттыруға аянбай еңбек етуде деуге болады. «Самұрық-Қазынаның» еншілес «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының басшылығы кәсіпорынның тапқан пайдасынан екі есе көп бонус алған. Кәсіпорын басшысы бір жылда 74,9 млн теңге, басшылық 274 млн теңге бонус жазып алған. Өз кезегінде, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» компаниясының еншілес кәсіпорны саналатын «QazCloud» компаниясының да басшылығының жомарттығында шек жоқ», - деді Саиров.
Ол атағандай, тең құрылтайшы саналатын «Қазақтелеком» өзінің үлесін жеке серіктестікке беріп жіберген.
«Бұл үлес неге, қалай берілді, мемлекетке залалы жоқ па?» деген сұрақтар туындайды. Екіншіден, осы «QazCloud» команиясының менеджменті компанияның таза пайдасы 61 млн теңге бола тұра, премия ретінде бір жылда 336 млн теңге алған.«Қазақтелеком» басқармасының мүшелері жалпы 422 млн теңге премия алған. Әрбір мүшесіне 105 млн теңгеден келеді. Біздің қарапайым халқымыз бір үзім нанға жарымай жүргенде, бұл неткен асқандық? «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қызметкерлері, еншілес кәсіпорындары өздерінің басшыларына бонус, сыйақы жазып алуға ғана қызмет ете ме?» деген заңды сұрақ туады», - деді ол.
AMANAT фракциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының атына заты сәйкес келуі керек деп есептейді: