Мемлекет өндірушілерге ынталандыру тетігін қарастыру қажет – Химиктер одағының вице-президенті

Автор: Аманалина Тоғжан

Тахмина Нагуманова Жолдауда көтерілген мәселелерді іске асыру жайында пікір білдірді

Фото: eldala.kz

Мемлекеттік бақылау күшейсе экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге болады. Қазақстан химиктер одағы Президенттің жолдауында көтерілген мәселелерді іске асыру жайында пікір білдірді. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңгеге жетіп, 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Сыртқы сауда-саттыққтың өзі 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтаған.  Қазіргі ең басты міндет – өнеркәсіптік негізін қалыптастыру арқылы экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Ал химиктер одағы басшыларының өкілдері, елде өндірілген өнімдерді алдымен сатып алу мен оны пайдалануға мүмкіндік берілу керек деп санайды.

«Мен үшін Президенттің Жолдауында еліміз өзін-өзі экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өңдеуші өнеркәсіп пен ішкі құндылықты жедел дамыту міндеттері ерекше маңызды болып табылады. Ең алдымен, бүгінде өз өндірісіне инвестиция салған, жұмыс орындарын құрған, салық төлейтін елдегі қолда бар өндірістік кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасау қажет деп санаймын. Қазақстандық өндірушілерден сатып алу жөніндегі талаптарды айналып өтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік және сатып алуға қатысты заңнамадағы олқылықтарды жою қажет. Мысалы, электрондық биржалар немесе аутсорсингі арқылы сатып алынған тауарлар туралы заңнаманы да реттеу. Өз кезегінде CT-KZ сертификаттарындағы құндылық үлесін айқындау тәсілдерін жетілдіру қажет», - деді «Қазақстан Республикасы химиктер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Тахмина Нагуманова.

Әрбір өндірушіге мемлекет тарапынан ынталандыру тетігі болуы тиіс. Өңдеуші өнеркәсіпке салынатын салықта басқаша болу керек. Президент өңдеу өнеркәсібін қолдау үшін шетелдің және еліміздің инвесторларын бастапқы үш жылда салықтан және басқа да міндетті төлемдерден босату туралы ұсыныс айтқан.

«Бұған салалардың ерекшеліктерін ескере отырып, осы үлесті есептеудің дұрыс формуласы болған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Үлестің нақты мөлшерін көрсете отырып, сатып алулардағы талаптарды реттеу. Бұл мәселеде мемлекеттік бақылау мен бизнестің салалық сараптамасын біріктіру өте маңызды. Инвестициялық жобаларды және айналым капиталын бизнес үшін көтерілетін пайыздармен қаржыландыру, өңдеуші өнеркәсіпке өзгеше салықтық есептеу. Өндірістің технологиялық күрделілігінің деңгейіне және бизнестің көлеміне байланысты мемлекеттік қолдау шараларын саралап көрсету мәселесін шешу. Әрбір өндірушіде өнім үлесін ұлғайтуда ынталандыру тетігі болуы тиіс. Бұның бәрі өңдеуші өнеркәсіптің дамуына түрткі болады», - деді «Атамекен» ҰКП өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрайымы.

Авторы: Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ