СҚО халқын жылу және жарықпен қамтамасыз етіп отырған компания 1,8 млрд теңге қарыз

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір жылу орталығында 138 мың тонна көмір қоры бар

Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан халқын жылу және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған «СевКазЭнерго» акционерлік қоғамы көмір тасымалдаушы компанияға 1,8 млрд теңге қарыз. Бұл жөнінде кәсіпорында өткен шұғыл кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Монополист компания басшылығы бұл мәселе жылыту маусымын бастауға кедергі келтірмейтінін айтты. Қазір жылу орталығында 138 мың тонна көмір қоры бар. Жуырда қара отынның кезекті партиясы жеткізілуі тиіс. Облыс орталығында орналасқан әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.

 «Қарыздың 1,1 млрд теңгесі – өткен жылғы берешек. Қалғаны биылғы көмір үшін төленетін сома. Қатты отын тасымалдаушы компаниямен келіссөз жүргіздік. Ақшаны біртіндеп қайтарамыз. Жылыту маусымы кедергісіз өтуі тиіс», - деді кәсіпорынның бас директоры Анатолий Казановский.