Каролин Чепкоеч Кипкируи белгіленген қашықтықты 33:15.83 секундта жүгіріп өтті
Бүгін қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 шақырымға жүгіруден Қытайдағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды .
Ол белгіленген қашықтықты 33:15.83 секундта жүгіріп өтті. Нәтижесінде мәре сызығын бірінші болып қиды.
Аталған қашықтықта бахрейндік Виола Джепчумба Килонзо Мотосио (31:43.73) чемпион атанса, жапониялық Ририка Хиронака (31:50.74) екінші орын алды.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар Азия ойындарында 26 медаль еншіледі. Олардың 3-і алтын, 4-і күміс, 19-ы қола.