Елімізде алимент төлемеген борышкерлердің 7 млрд теңге қарызы бар – министр

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазақстанда алимент өндіруге арналған 6072 құжат бар 

Фото ашық дереккөзден

ҚР Әділет министрі Азамат  Есқараев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алимент төлемегендер жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша республикада 263 мемлекеттік және 2111 жеке сот орындаушылары жұмыс істейді. Олар жалпы сомасы 20 триллион теңгеге жуық сомаға 7,2 миллион атқарушылық өндіру ісін жүргізуде. Бүгінгі күні шамамен 2 триллион 807 млрд теңге сомаға атқарушылық өндірудің 40 пайызы орындалды. Аяқталған атқарушылық өндірудің 1,5 миллионы немесе 52 пайызы орындалды. Бұл соманың қомақты бөлігін алимент өндіруге арналған құжаттар құрайды. Бұл дегеніміз республика бойынша 303 мыңнан астам немесе 4% өндірістер құрайды. Бұл процесс бала кәмелетке толғанға дейін созылатындығын да естен шығармау керек», - деді ол. 

Министр атағандай, орындалып жатқан өндірулердің үлесінен 13 316 құжат (5%) проблемалық өндірулер болса, 6072 (46%) құжат бойынша қарызы мүлде өтелмеген (7 млрд. теңге).

«Мәселен, 2023 жылдың 6 айында алимент төлеу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2861 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7219 борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салынды. Алимент өндіру бойынша барлық проблемалық атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушылар мәжбүрлеу шараларын қолданады. Кейбір жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады. Осыған орай, облыстық әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесе отырып, борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында бос орындар жәрмеңкелерін тұрақты түрде өткізіп тұрады. Мысалы, 2023 жылдың 8 айында республика бойынша 2101 борышкер жұмысқа орналастырылды», - деді Есқараев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ