27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жарияланды
Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Тек елдің солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, солтүстікте екпінді жел соғады.
Қызылорда қаласының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында өрт қаупі жоғары.