Алматы облысында коронавирус жұқтырған азамат 67 жаста

Автор: Azattyq Rýhy

Ол – Ұзынағаш ауылының тұрғыны

Фото: ашық дереккөзден

30 наурыз сағат 12:45-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 294 адамға жетті. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы облысында тiркелді. Бұл -  Алматы облысында коронавирус жұқтырған осымен 7 адам.

Алматы облысында соңғы коронавирус жұқтырған науқас – Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының тұрғыны. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтың жасы 67-де.

«29 наурызда ол КВИ белгілерімен Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған, талдаулар оң нәтиже көрсетіп, азаматтың ауырғанын анықтады. Ер азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласында иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен байланыста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды», - делінген ақпаратта.

Еске сала кетейік, 28 наурыздан бастап Қазақстанда 65 жастан асқандарға көшеде жүруге шектеу қойылды. Жергілікті әкімдіктер немесе отбасындағы жас адамдар оларды азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуі керек.